Петропавлда “Ұлы даланың жеті қыры“ атты көрме жұмыс істеуде

“Ұлы даланың жеті қыры“. С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада қараша айынан бері осындай атаумен көрме жұмыс істеуде. Онда “Ұлы Жібек жолы“, “Зергерлік өнер нақыштары“, “Бабадан қалған асыл сөз“ сияқты құнды кітаптарды кезіктіруге болады. Бүгін осындай тың туындыларды тағы бір шолып өткен педагогика саласының ардагерлері көрменің жастар үшін маңыздылығын атап өтті.
Back to Top