СҚО полиция департаментінің музейінде милицияның даңқты ардагеріне арналған экспозиция ашылды

Солтүстікқазақстандық полиция музейінде Ұлы Отан соғысының қатысушысы, республикамыздың ішкі істер министрінің орынбасары – Ахмет Тұмарбековке арналған экспозиция ашылды. Ол Петропавлда мектепті тәмамдап, ішкі істер органдарында еңбек жолын бастаған. Майдан даласында да, бейбіт уақытта да табандылығымен, кәсібилігімен ерекшеленген. Оның жалпы қызмет өтілі – 43 жыл. Ахмет Тұмарбеков мінсіз және адал қызметі үшін ордендармен, медальдармен, ведомстволық наградалармен марапатталған. Қазақ кеңестік социалистік республикасы Жоғарғы кеңесінің екі мәрте депутаты болған. Өзі және басқа авторлармен бірге бірнеше кітап жазған. Милиция генерал-майоры Тұмарбековтың балалары Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті музейінің қорына ардагердің нысанды киімдерін сыйға тартты. _____________________________________________ В музее североказахстанской полиции открылся уголок, посвящённый Ахмету Тумарбекову — участнику Великой Отечественной, заместителю министра внутренних дел республики. В Петропавловске он окончил школу и начал службу в органах внутренних дел. И на фронтах войны, и в мирное время проявлял мужество, стойкость, высокий профессионализм. Общий стаж его службы — 43 года. Жизненный путь Ахмета Тумарбекова отмечен орденами, медалями, ведомственными наградами. Дважды он был депутатом Верховного Совета Казахской ССР. Лично и в соавторстве написал несколько книг. Дети генерал-майора милиции Тумарбекова пополнили фонд музея ДП СКО ценными экспонатами.
Back to Top