Аппақ ару. Айбек Нұраддин. Мерген Тоқсанбай. Қанат Қалтай.

АППАҚ АРУ өлеңі: Мерген ТОҚСАНБАЙДІКІ əні: Қанат ҚАЛТАЙДІКІ орындаған: Айбек НҰРАДДИН 1)Қара ормандай қастарың, Қара тұндей шаштарың. Күндей көркем жүзіңмен, Арбап тастадың. Ерке неткен жас жаның, Еркелетсем қашпағын. Көзіңдегі көп сырды, Неге ашпадың?! Қ-СЫ: Тоқташы, кетпеші, Алақанда аялап, Ернімнен өп деші. Жүрегіңмен аймалап! Көктемнің көп кеші, Бірін бірі қайталап. Жанымнан кетпеші, Аппақ ару, айқабақ! 2)Көркіңді кім сынайды, Қызыл кештей шырайлы. Аппақ таңдай көрінген, Көркің ұнайды. Көңіл көзім жылайды, Жүрек жасын бұлайды. Қолым жетпей өзіңе, Жаным мұңайды. 3)Қап, осы бір үр қыздай, Басқаға бас бұрғызбай. Көлеңкедей соңынан, Мені жүргізді-ай! Қап-қара түн құндыздай, Жарық шашшы жұлдыздай! Құшағымда жылтайын, Келші, түн – мұздай!
Back to Top