ҚазҰУ. Аптаның айшықты оқиғалары

СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім ордасының табалдырығын алғаш аттаған 1-курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында үлкен өмірге қадам басқан жас өрендерді ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев салтанатты жағдайда құттықтады. БЕЛЬГИЯДА ФАРАБИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Таяу шығыс мәселелері бойынша сарапшы-маман, саясаттанушы, тарихшы, «EUobserver» интернет-басылымының бас редакторы Курт Дибофпен кездесті. Әңгіме барысында ректор оқу орны тарихына тоқталып, ҚазҰУ-дың ұлы философ-ғалым Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталатын әлемдегі бірден-бір университет екенін атап өтті. ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ АҚТАЛАДЫ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Алматы қалалық мемлекеттік комиссия құрамындағы университет ғалымдарымен
Back to Top