Полиция департаментінде жедел кеңес өтті

Полиция департаментінде жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Жиында өңірдің бас полицейі Айдын Қабдұлдинов қарамағындағыларға алаяқтық пен есірткінің таралуы және мас күйде жасалатын қылмыстық істерге қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Өзекті мәселенің бірі - отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық. Жыл басынан бері өңірімізде мұндай 21 факті болған. Полицейлердің сөзінше, қатыгез отағасының қысымынан жапа шегушілер көбінесе арыздарын кері алып жатады. Өткен жылы республика бойынша осындай 70 мың бас тарту тіркеліпті. Департамент бастығы бұндай жағдайда мамандар бейнетіркеу пайдалану қажеттігін, сондай-ақ, қызметкерлердің іс-әрекеттеріне басшылары жауапты екенін еске салды.
Back to Top