Бізге су керек пе, әлде мұнай ма?

2040 жылға дейін Қазақстанда су тапшылығы 50% жетуі мүмкін. Адам өміріндегі ең басты қажеттіліктердің бірі - ауыз су. Елімізде ауыз су мәселесі шешілмеген өңірлер көп. Шығыс Қазақстан облысы “су көшбасшысы” болса, Қызылорда, Атырау секілді облыстар суға зәру. Орта Азиядағы ауыз судың негізгі қайнар көзі Сырдария, Әмудария және Ертістен шығады. Ең басты проблема - өзендердің трансшекарада орналасуы. Яғни олар тек Қазақстанға емес, басқа да елдерге тиесілі. Бүгінгі шығарылымда Қазақстандағы су тапшылығы, ауыз су проблемасының шығу тегі, бұған дейінгі сәтсіз бағдарламалар туралы, сондай-ақ еліміз бұл мәселеге тиіс деңгейде назар аудара ма деген сұраққа жауап іздейміз.
Back to Top