2023-МТРК-Ботаникалық баққа жылы жаққа ұша алмай қалған аққулар жеткізілді
Ботаникалық баққа жылы жаққа ұша алмай қалған аққулар жеткізілді
Мына 2 сұңқылдақ аққу ботаникалық баққа 1 апта бұрын жеткізіліпті.
Құстар кеш жұмыртқа жарып шыққандықтан қанаттары бекіп үлгермеген болуы керек.
Қатарынан қалып қойған. Қарлы көлде жүрген қанаттыларды ауыл тұрғындары әкеп беріпті.
АРТУР РЯЗАПОВ, Петропавл ботаникалық бағының директоры:
– Бізге аққуларды өте қамқор адамдар әкеледі. Мұз қата бастаған көлде аққу жүргенін көрсе бірден бізге жеткізеді. Осы ретте біз орман шарушылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандарына жүгіну қажеттігін де айтып жатамыз. Өйткені, олар – табиғатты қарайтын уәкілетті орган.
Ботаникалық бақта тағы 4 аққу жүр. Қос сыбырлақ пен қос сұңқылдақ мұнда 2 жыл бұрын пайда болған. Төртеуінің осында үйренісіп кеткені соншалық көптің көзайымына айналыпты. Қатарға бір апта бұрын қосылған құстарды мамандар қала сыртындағы жылы арнаға жібереді. Қонақ құс екендіктерін сезгендіктен болар даладан келген қанаттылар еркіндікті аңсап тұр.
ДМИТРИЙ БУТЕНКО, Қызылжар орман шаруашылығының аңтанушысы:
– Құстар жылы суда өз беттерімен тіршілік етеді. Арнаға су жылу электр орталығынан жіберіліп тұрғандықтан оның беті қатпайды. Құстарға қажетті қорек қоры бар.
Қанаттылар жылы арнада көктем келгенше дейін жүреді. Екеуімен қоса барлығы – 6 құс болады.
Мәдина Қаби
Северный Ботанический
Северо-Казахстанский
Ботанический сад
севказботсад
сев-каз-бот-сад
скбс
skbs
ботсад
Ботанический сад Петропавловска
botanical garden Petropavlovsk
botsad
#SKBSwith
Равиль Рязапов
Ravil Ryazapov
Экология
Растения
Деревья
Лебеди
Животные
1 view
796
210
12 months ago 00:01:24 1
2023-МТРК-Ботаникалық баққа жылы жаққа ұша алмай қалған аққулар жеткізілді