2023-МТРК -Қуыршақтар көрмесі

МТРК Қуыршақтар көрмесі Балалық шаққа саяхат. Қаладағы ботаникалық бақта ерекше көрме қанат жайды. Мұнда Барби қуыршағының түр-түрі ұсынылған. Араларында әйгілі кейіпкерлер де бар. Мәселен, мына ойыншық – «Алиса ғажайыптар елінде» мультфильміндегі патшайым. Оны көрме авторы Анна Ляшенко өзі жасапты. АННА ЛЯШЕНКО, Ботаникалық бақтың гүл өсірушісі: – Қуыршақтарды бала кезімнен жақсы көремін. Оларды жинаумен 12-13 жасымнан айналысамын. Жинаған дүнием көп. 2 мыңға жуық қуыршағым бар. Әрбірінің жүрегімде алар орны ерекше. Әрқайсысының өзіндік тарихы бар десем артық болмас. Көрмеде қуыршақтың жаңасы да, ескісі де бар. Ойыншықтардың ішінде ерекше орын алатыны – мынауысы. Бұл – Барби қуыршағының ең алғашқы нұсқасы. 1958 жылы жасалған. Оны көрме авторы өзге елден тапсырыспен алдыртыпты. Қуыршақ 65 жыл бұрын жасалса да сол күйінде. – Руки в сторону не открываются. То есть у современных коленки гнуться, а у этой нет. Она появилась у меня месяца 3 назад. Қазақстанға Барби қуыршақтары 90-шы жылдары ғана әкеліне бастапты. Сол кезде кішкентай Аннаға анасы мына ойыншықты сыйлаған екен. Анна Ляшенконың айтуынша, бұл тарту оның жүрегінде ерекше орын алады. – Это моя первая Барби, которую мне подарила мама. За таблицу умножения, то есть ее надо было заработать. Нәзікжандының бұл хоббиіне жақындары қолдау көрсетеді. Кейбірі өз қуыршақтарын әкеліп табыстайды екен. АРТУР РЯЗАПОВ, Ботаникалық бақтың директоры: – Көрме өткен аптада ашылды. Бірінші балалар келіп тамашалады. Өздерінде болған ойыншықтарға ұқсас қуыршақтарды тапқандар да болды. Жалпы, бұл бұрыш «Музей бұрышы» деп аталады. Ойыншықтар коллекциясынан бөлек минерал тастардың да көрмесі бар. Жалпы, көрмеде 400-ден астам Барби қуыршағы ұсынылған. Балалық шақтан сыр шертер шара тамыз айының соңына дейін жалғасады. Самал Жунусова Северный Ботанический Северо-Казахстанский Ботанический сад севказботсад сев-каз-бот-сад скбс skbs Ботанический сад Петропавловска botanical garden Petropavlovsk botsad #SKBSwith Равиль Рязапов Ravil Ryazapov Экология Растения Деревья Куклы Выставка Музей
Back to Top