Май басқан ҚАЗАН әп-сәтте жылтырап шыға келді. Бұрын не үшін осылай жумадым? Қазан тазалау

Сәлем достар, бүгін мен май басқан қазан мен ыдыс аяқтарды тазаладым. Бұл жолы қырып көп күш жұмсамай оңай тез ағартып алдым. Сіздермен де бұл әдіспен бөліскім келді. Пайдаңызға жараса, қуаныштымын. Рецепт: Бізге тек екі зат керек болады. Олар кір сабын мен ас содасы. Жарты кір сабынды қырғыштан өткізіп аламыз. Алдымен, бізге қазанымыз бататындай ыдыс керек болады. Мен осындай 21л үлкен қазанды пайдаланымын. Оған су құйып қайнатамыз. Міне қайнайн деп қалды, жарты пиала ас содасын салдым, сосын кір сабынды қосып араластырамыз. Қазанды саламыз. 10-15 минут қайнатамыз. Егер қазаныңыз толық батпаса, аударып тұрасыз. Сосын қазанды алып губкамен немесе қотыры бар шуберекпен ағып тұрған сумен жуамыз. Бұл әдіспен альюминий ыдыстарды жумаңыздар. Қарайып кетеді. Осылай қасық, шаңышқы, сүзгіш пен қырғышты тазалап алдым. Достар, видео сіздерге ұнады деген ойдамын. Лайк басып, тіркелу мен қоңырауды басуды ұмытпаңыздар. Егер усыныстарыныз болса комментарийге жазсаңыздар болады. Баршаңызға Алла разы болсын! ❤️❤️❤️ #какочиститьнагар #какочиститьсковородуотнагара #какочиститькастрюлю #казанағарту #үйжағдайындақазантазалау #қазан #казан #какпочиститьказан #қазантазалау #қазандыжылтырлатыптазалау #сода #хозяйственноемыло #какочиститьложкивилки Пайдалы рецептер. Таңғы ас 5 минут. Тез дайындалатын ыстық тамақтар — Қазан, ыдыс-аяқ, газ плита, пеш тазалау. Үй жинау. Кір жуу. Пайдалы кеңестер — Шат күтімі. Шашты тез өсіру. Шашқа маскалар — Туркия еліне саяхат. Қонақүй. Шоппинг. Распаковка —
Back to Top