Ұлыбритания мен Бельгия ауған қызметкерлерін қалай эвакуациялап жатыр?

Ұлыбритания мен Бельгияның қорғаныс министрліктері елшіліктеріне қызмет еткен ауған азаматтары мен олардың отбасын елден қалай әкетіп жатқаны туралы видео жариялады. Ұлыбритания видеосы эвакуацияға ілінген ауғандардың 21 тамыз күні Кабул әуежайында ұшаққа мініп жатқанын көрсетсе, Бельгия видеосында сол күні 34 ауғанның (ерлер, әйелдер және балалар) Пити қаласындағы әскери казармаға келгені көрсетілген.
Back to Top