“Екінші мүмкіндік“. Сириядағы соғыстан оралған қазақтардың қазіргі өмірі

Қазақстан Сирия мен Иракқа кетіп, ДАИШ террорлық тобына қосылған 500-ден аса азаматын елге әкелді. Соғыс аймағынан орылғандардың көбі – әйел мен бала. Ал Сирия мен Ирактан жеткізілген ондаған ер адам ДАИШ сапында соғысқаны үшін сотталып, түрмеде қамалды. Ал әйелдер мен балаларды қоғамға бейімдеу шарасы жүріп жатыр. Ұлыбритания, Швеция, Франция, Норвегия сияқты Батыс елдері соғыс аймағына кеткен азаматтарын кері әкелуге жүрексініп отыр. Олар ДАИШ сапына қосылғандар елге оралса радикализм қаупі артады деп санаса, Қазақстан тәуекелге бел байлады. Сирия мен Ирактағы соғыс аймағына барған қазақстандықтар елге қалай оралды? ДАИШ террорлық тобына қалай қосылды? Қазіргі өмірі қандай? Бұл сұрақтардың жауабы Шахида Туляганованың “Екінші мүмкіндік“ фильмінде. Электронды поштамыз – azattyq@ WhatsApp нөміріміз - 7 777 328 38 88
Back to Top