Елорда дін өкілдері ревакцина алды

Кеше Елордалық Дін істері жөніндегі басқармасы мен Діндерді зерттеу орталығының мамандары қалалық дін өкілдерімен ревакцинациядан өтті. Басқарма басшысы Н. Әлмұханов: «Елордалық дін өкілдерімен бірге ревакцина алудамыз. Әлемді жайлаған індетпен күрестегі басты әдіс - вакцина деп санаймын. Сондықтан, барлық қала тұрғындарын вакцинациядан және ревакцинациядан өтуге шақырамыз. Жалпы, елордада 54 діни бірлестік жұмыс істейді, сондай-ақ қоғамдық және үкіметтік емес діни ұйымдар бар. Солардың басшыларымен қатар, қызметкерлері де қайта екпе алып жатыр»,- деді. Елордалық 60-қа жуық дін өкілдері кеше ревакцинациядан өтті. Өз кезегінде Астана шіркеу округінің дін қызметшісі архимандрит Сергий діни себептерге байланысты вакцинациядан бас тартуға болмайтынын айтты. «Православие христиандары да елдің өзге азаматтары сияқты коронавирустық инфекцияның қаупін жақсы біледі. Дінге сенетіндердің басым көпшілігі вакцинациядан әрі ревакцинациядан өтті. Нәтижесінде көптеген адам, әсіресе қарт кісілер денсаулығын қорғап қалды. Қа
Back to Top