Нұр-Сұлтанда дін өкілдері коронавирусқа қарсы вакцина алды.
Дүние жүзіне қауіп төндіріп тұрған коронавирус індетін тоқтатудың жалғыз жолы – жаппай вакцина алу. Себебі КВИ-мен ауыратындар иммунитет қалыптастыра алмайды. Ал карантинге дейінгі өмірге оралу үшін тиісті шектеу шараларын сақтау қажет.
Елорда дін өкілдері бүгінде індетті жеңудің ең сенімді жолы — вакцинация екеніне сенімді. Олар жұртты жауапкершілік танытып, коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.
⠀
Айта кету керек, вакцинаның құрамына сол ауруды тудыратын белсенді емес микроорганизмдер енгізіледі. Осының нәтижесінде иммунды жүйе бұрын-соңды болмаған қауіпті сезіп, ағзаға антидене бөледі.
«Әркім өз денсаулығының сақшысы екенін ұмытпауы тиіс. Асылында, денсаулық – аманат екені әуелден белгілі. Бір-бірімізге жанашыр болайық», - деді екпе алған Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков.
⠀
Елордада COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алғандардың қатарында Исламтанушы Әбдірахман Қойбағар, сол сияқты шіркеулік Епархия қызметкері Андрей Озимин, Нұр-Сұлтан қаласы Константин-Елени
1 view
901
363
3 years ago 00:01:00 1
Діни фундаментализмнің діни-саяси өзекті мәселелері.
4 years ago 00:01:52 1
Нұр-Сұлтанда дін өкілдері коронавирусқа қарсы вакцина алды.