Жаңа жыл қарсаңында баспанаға мұқтаж 2 отбасыға тұрғын үй кілттері табысталды.

Қарасай ауданындағы атқамінер азаматтардың басын біріктіріп, бірнеше жыл қатарынан ауқымды қайырымдылық шараларға ұйытқы болып келе жатқан “Салиқалы ұрпақ“ қоры мұқтаж жандарды демеп, қолдауын білдіріп келеді. Соның бір мысалы ретінде жақында ғана Шамалған ауылындағы Акчуриндер мен Картеновтер отбасына жеке баспана салып бергендігін атап өтуге болады. Жаңа жыл қарсаңында жаңа баспанаға қол жеткізген жандар демеушілерге шексіз алғыстарын білдірді. Сондай-ақ округ әкімдігі отбасындағы кішкентайларды Жаңа жылдарымен құттықтап, сый-сияпатын ұсынды. Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын!
Back to Top