Ел Президенті қазақстандықтарға арналған Жолдауын жариялады

Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға арналған кезекті Жолдауын жариялады. Маңызды құжатта әр саланы дамыту және коронавирус пандемиясынан кейін экономиканы қайта аяққа тұрғызу тетіктері қарастырылған. Мәселен, 2022 жылы еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 18 мың теңгеге артып, 60 мыңды құрамақ. Оған қоса мәдениет қызметкерлері, кітапханашы, қорықшы мен көлік жүргізушілерінің айлығы өседі. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Back to Top