Бауыр деген, ол бауыр еті...

Бауыр барда бақытсызбын дей көрме, Өз басыңның қамын ғана жей көрме. Қан мен жаның бір тамырдан жаралған, Бауыр барда, Бақытсызбын дей көрме! Кейде реніш, Кейде ыза болса да, Ақ көңілің қара ашуға толса да. Ең қымбаты, ең ардағы бауырың, Арадағы жылулығы солса да. Ауыр айтпа, Көңіліне қадама, Жанжалдасып, ала көзбен қарама. Бауырыңды «бауыр етім» деп сана, Екі туып бір қалғанға балама. Бір құрсақтан, бір жүректен шықтыңдар, Бір ақылды, бір дүрсілді ұқтыңдар. Бірге жүріп, бірге өсіп ержетіп, Бір - біріңе шаранамен жұқтыңдар. Тірі кезде алыспаңдар сақтаңдар, Не жағдайда бір - біріңді жақтаңдар. Шайтан келіп күнәлісің деп қалса, Періштедей бір-біріңді ақтаңдар.
Back to Top