Нағыз достың 3 сипаты 1ші бөлім

ҚҰРАН АЯТТАРЫ Бірінші аят إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ «Шын мәнінде мүміндер бір-біріне бауыр»«Хужурат сүресі», 10-аят. Қысқаша түсіндірме: Мұсылман үмбеті қай кезеңде болмасын бір-біріне бауыр. Жоғарыдағы аятта мұсылмандар арасында ешқашан дұшпандық, талас-тартыс, жек көрушілік, төбелес сынды оғаш әрекеттерге орын жоқ екендігі баяндалған. Екінші аят: الْأَخِلَّاءُ يَوْمَئِذٍ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ إِلَّا الْمُتَّقِينَ «Достардың тақуаларынан басқалары сол күні (Қиямет күні) бір-біріне дұшпан болады»«Зухруф» сүресі, 67-аят. Қысқаша түсіндірме: Бұл дүниеде азғындықта, күнә істерде ортақ болған достар ақыретте бір-біріне дұшпан болады. Ал имандылықта, тақуалықта, діндарлықта дос болған жандар олардың қатарында болмайды. Тәпсірші ибн Кәсир (р.а.): «Алланың разылығы мақсат етілмеген достық қиямет күні дұшпандыққа айналады, тек Алланың ризалығын қалаған достар ғана мәңгі дос болып қала бермек», деген. Ал ибн Аббас (р.а.): «Қиямет күні тақуалардан өзге достар бір-біріне дұшпан болады» деген. Үшінші аят: يا وَيْلَتَىٰ لَيْتَنِي لَمْ أَتَّخِذْ فُلَانًا خَلِيلًا 28 لَّقَدْ أَضَلَّنِي عَنِ الذِّكْرِ بَعْدَ إِذْ جَاءَنِي ۗ وَكَانَ الشَّيْطَانُ لِلْإِنسَانِ خَذُولًا «Қап, әттеген-ай! Пәленшені дос тұтпағанымда ғой. Ол маған жеткен зікірден (Құраннан) мені алыстатты. Ал Шайтан сөз жоқ адам баласын азғырушы»«Фурқан» сүресі, 28-29 аяттар. Қысқаша түсіндірме: Қияметте кейбір кісілер «пәленшені өмірлік дос етпегінімде, осындай ұлы қасіретке, бұндай адасуға ұшырамас едім» деп өкінеді. Имам Қуртуби: «Бұл жерде пәленше деп келген аяттағы адам Убай ибн Халафқа қатысты айтылған. Аятта атын әшкере қылмай осы тектегі адамдарға да қатысты баяндалған. Бұл жерде адамның өкініші сипатталған. Оған тура жол, иман, Құран жеткеннен кейін иманға келіп, кейін шайтанның адастыруымен тура жолдан тайғанын суреттейді. Алайда шайтанның кейпіндегі сол адамдар қиямет күні өзінің досы қиындыққа тап болғанда достығынан бас тартып, оған жәрдемші бола алмайды» деген. Төртінші аят: حَتَّىٰ إِذَا جَاءَنَا قَالَ يَا لَيْتَ بَيْنِي وَبَيْنَكَ بُعْدَ الْمَشْرِقَيْنِ فَبِئْسَ الْقَرِينُ وَلَن يَنفَعَكُمُ الْيَوْمَ إِذ ظَّلَمْتُمْ أَنَّكُمْ فِي الْعَذَابِ مُشْتَرِكُونَ «Олар біздің алдымызға келген шақта (өз досына): «Әттең, екеуміздің арамызда шығыс пен батыстай алшақтық неге болмады екен? Сен қандай ғана жаман жолдас едің!» дейтін болады. (Енді өкін не өкінбе) Ол сендерге ешқандай пайда бермейді. Өйткені сендер сол уақытта зұлымдық істегенсіңдер, енді азапты да бірге тартыңдар» делінетін болады»«Зухруф» сүресі, 38-39 аяттар Қысқаша түсіндірме: Міне, жоғарыдағы аятта өмірде адаспай тура жолда жүремін дейтін жандарға жаман қасиетті кісілермен достық қарым-қатынас жасамау, олардың дегендеріне ілеспеу, олардың іздерімен жүрмеу керек екендігі баяндалған. Әйтпесе, орны толмас өкініш, жазылмас қайғы-қасіретке душар болуымыз мүмкін. Бесінші аят: إِذْ كُنتُمْ أَعْدَاء فَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِكُمْ فَأَصْبَحْتُم بِنِعْمَتِهِ إِخْوَاناً «Кезінде сендер бір-біріңе бітпес дұшпан едіңдер, ал бүгін, Алла Тағала жүректеріңді жарастырды. Сөйтіп Оның баға жетпес нығметінің арқасында бір-біріңе бауыр болдыңдар»«Әли Имран» сүресі, 103-аят. Қысқаша түсіндірме: Исламға дейін сендер бір-бірлеріңе хас дұшпан едіңдер. Алланың нығметімен сендерге ерекше мейірімділік танытып, жүректеріңді жарастырып, өзара бауыр етті. Алтыншы аят: إِنَّ الشَّيْطَانَ لَكُمْ عَدُوٌّ فَاتَّخِذُوهُ عَدُوًّا ۚ إِنَّمَا يَدْعُو حِزْبَهُ لِيَكُونُوا مِنْ
Back to Top