Талдықорған: Газ жарылған кезде денесі түгел күйген жасөспірім көз жұмды

Талдықорғанда газ баллоны жарылған кезде денесі түгелге жуық күйіп қалған 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Зардап шеккен өзге екі баланың жағдайы орташа ауыр. Ал, қалалық көпбейінді және облыстық ауруханада жатқан бес адамның халі өте ауыр екен. Бұл туралы аймақ денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Еске салайын, сұмдық оқиға өткен аптада қала іргесінде орналасқан Еркін ауылында болған еді. Жер үйде газ баллоны жарылып, баспананың күл-талқаны шықты. Апаттан 8 адам зардап шекті. Оның үшеуі 8, 10 және 14 жастағы үш бала. Жарақат алған жетеуі ауыр халде ауруханаға түсіп, алтауы жансақтау бөліміне жатқызылды. Болжам бойынша, жарылысқа пеш жанында тұрған 5 литрлық газ баллоны себеп болған. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top