Талдықорғанды газдандыру жұмыстры қалай жүріп жатыр?

Алматы облысында газ тарту жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Талдықорған қаласын газдандыру 2020 жылы толықтай аяқталуы тиіс. “ҚазТрансГаз аймақ“ мамандары тұрғындар үшін жеңілдік түрлерін қарастырған. Мәселен, газға қосылатын қаражаттың 30 %-ін төлеген жағдайда, қалған сомасын 3 айдан 6 айға дейін бөліп төлеуге де болады. Ескерту: Газ тартып береміз деп халықты алдап жүрген кейбір алаяқтардың арбауына түсіп қалып жүрмеңіз! Газ жүйесін тарту туралы келісімшарт жасасқан кезде компанияның лицензиясын, нақты мекен-жайын, жұмыстарды жүргізу үшін мамандарға берілетін аттестациялық құжаттарының болуын тексеріңіз.
Back to Top