Кітап көрмесі

Облыстық кітапханада «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары мен колледж студенттері шақырылған. Жастар балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтің туындыларымен танысты. Белгілі жазушыны білмейтін оқырман кемде-кем. Әсіресе, “Менің атым Қожа“ кітабын оқымаған, киносын көрмеген адам жоқ шығар. Біреу білсе, біреу білмес, повесть әуелі орыс тілінде жарық көрген екен, кейін шетелде басылып шыққан. 57-ші жылы қазақ тілінде таратылған.
Back to Top