«Домбыра – асыл мұра» әдебиеттер көрмесі

Шілденің бірінші жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күнін атап өтеміз. Осыған орай А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақтың ежелден келе жатқан, тіршілігімен тығыз байланысты үш дүние бар. Олар – киіз үй, ер тоқым және домбыра. Киіз үй баспана ретінде бағаланса, «Ерттеулі ат ер жігіттің қанаты», яғни ер тоқым сол қанатқа қажет бұйым. Ал домбыраның жөні ерекше. Ол – қазақ халқының рухани байлығының кілті. Сіздерді домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Үйлеріңіздің төрінде домбыраның күмбірі жиі естіліп тұрсын! #Pushkinlibrary #Пушкинкітапханасы #оқырманзалы #домбыракүні #мереке #қазақтыруханимұрасы #ұлттықсазаспабы #күй #домбыра#Qazaqstan30 @qazaqstan30jyl
Back to Top