ҚазҰУ. Аптаның айшықты оқиғалары

АКАДЕМИК ЗҰЛҚАЙЫР МАНСҰРОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАП ӨТІЛДІ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық Жоғары мектеп ҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Зұлқайыр Мансұровтың 75 жылдық мерейтойына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 55 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. ҚЫРҒЫЗ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев бастаған делегация Қырғыз Республикасына жұмыс сапары барысында Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде болды. Тараптар бауырлас екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта отырып, білім мен ғылым саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойды. БІШКЕКТЕ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ФИЛИАЛЫ АШЫЛМАҚ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев бастаған делегация арнайы жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына барды.
Back to Top