АКАДЕМИК ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ

Академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы Алматы қаласында кең көлемде аталып өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА және ҚР ҰҒА академигі, көрнекті механик-ғалым, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Өмірбек Жолдасбековтің 90 жылдық мерейтойына орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды. Мемлекет және қоғам қайраткерінің туған күні жылдағы дәстүр бойынша ҚазҰУ қалашығында орналасқан ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етуден басталды. Салтанатты рәсімге университет ұжымы, ғалымның туыстары, шәкірттері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1970-1986 жылдардағы ректоры, Инженерлік академияның және механика-математика институтының негізін қалаған мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Жолдасбеков жайлы сөз қозғағанда көз көргендер мен үзеңгілестері ең әуелі оның еңбекқорлығын алға тартып, «істің адамы еді» дейді. Бүгінде
Back to Top