Өткен жылы Алматы облысында жылумен жабдықтауға қатысты 5 жоба жүзеге асырылды.

Ең күрделісі Қапшағай қаласының орталық қазандығын жаңғырту жұмыстары болды. Нәтижесінде қаладағы көнерген жылу жүйелерін 30 пайыз қысқартуға мүмкіндік туды. Биыл бұл сала бойынша тағы 7 жоба қолға алынбақ. Бұлардан басқа 12 жобаның сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Жаңадан салынатын және күрделі жөндеуден өтетін жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 шақырымнан асып, 20 көппәтерлі және 158 жекеменшік тұрғын үйді, сондай-ақ 3 мектеп пен 2 балабақшаны орталықтандырылған жылу жүйесіне қосуға жағдай туғызады. Облыс орталығы Талдықорғанның өзінде 3 қазандық көмірден табиғи газға ауыстырылады.
Back to Top