▶️ Маңғыстау | Айрақты тауы жайында қысқаша ақпарат #айрақта #airaqry #shorts #шортс #cover
Айрақты-Шоманай алқабы – Маңғыстаудағы ең әсем шөгінді таулар тізбегі. Алыстан қарағанда бұл таулар мұнаралар мен бекініс қабырғаларын еске салады.
_____________________________________
Әйгілі украин ақыны, суретші Тарас Шевченко 1851 жылы осы аймаққа келіп, суреттер топтамасын жасап, оларға «Қамалдар алқабы» деген атау берген екен. Жергілікті халық Айрақты-Шоманай атап кеткен таулардың атауына байланысты екі болжам бар. Бірі тау таға тәрізді айрық болғандықтан Айрақты атанған десе, екіншісі көне түрікмен тіліндегі «айрақ» – «арқар» сөзінен шыққан деп топшылайды.
_____________________________________
Миллиондаған жылдар бұрын бұл аймақ Тетис мұхитының түбі болған. Бірақ 25 миллион жыл бұрын күшті зілзала салдарынан жер қыртысының қалыңдығы бірнеше шақырым болатын ежелгі қабаты мұхиттан жер бетіне көтерілді. Қазір бұл – Маңғыстау түбегі. 8 миллион жыл бұрын осы жердегі Тұран тақтасы батысқа қарай ауытқып, баяу көтеріле бастады. Мұхит жұмсақ бор тастарды эрозияға ұшыратып, қазіргі ландшафты қалыптастырды. Шатқалдар, тау қалдықтары, мүйістер жылдар бойғы жаңбыр мен желдің әсерінен қазіргідей сиқырлы да сұлу қалыпқа түсті. Бірақ геологтердің болжауынша, 5-7 мың жылдан соң, табиғаттың өзі жасаған шөгінді таулары жер бетінен жойылып кетуі мүмкін.
_____________________________________
VI ғасырдың аяғынан бастап Ұлы Жібек жолының керуендері Маңғыстау жерімен өткен, сондықтан да аңыздарда осы алқапта көнеден қалған қазына жатқандығы айтылады. Расында да, жергілікті шопандар оқта-текте күміс, алтын теңгелер тауып алатын көрінеді.
Шөгінді таулардың жалпы ұзындығы 20 шақырым. Шоманай сілеміндегі ең биік тау – теңіз деңгейінен биіктігі 368 метр болатын оңтүстік бөлігіндегі атаусыз тау. Одан кейінгі ең биігі – Жапырақты деп аталады, теңіз деңгейінен 363,8 метр биіктікте, таулардың ең оңтүстік бөлігінде орналасқан. Айрақтының айналасынан Торыш тастары секілді диаметрі 2-3 метрге жететін сфералық тас түзілімдерін де кездестіруге болады.
_____________________________________
Әктастан түзілген шөгінді тауларда әртүрлі суреттер салынған, бірақ олар көненің көзі, ескінің сөзі емес, жергілікті аңшылар мен шопандардың туындылары. Көбіне суреттерде дала және шөл жануарлары – түйе, жылқы, иттер бейнеленген. Әсіресе арқарлардың мүсіні жиі кездеседі. Десе де, мұндағы ең көзге түсетін екі бейненің бірі – жебе қадалған арқар суреті. Ал екіншісі «Әлем суреті» деп аталады. Бұл петроглифте бірінің үстіне бірі қабаттаса салынған муфлондар, құстар мен жылқылар бейнеленген.
_____________________________________
Айрақты аймағында дала жануарларын суреттен ғана емес, тірідей де көруге болады. Әрине, тағылар адамдардан алыс жүріп, көзге түспеуі мүмкін, дегенмен мұнда тау иесі – арқарлар мекендейді. Ал тау етегінде тасбақа, кесіртке, сарышаяндар тіршілік етеді. Кейде түйе, жылқы секілді үй малдары да осы жерде жайылады. Бұл аймаққа көктемде келу ұсынылады, себебі осы мезгілде тау етегінде соғды қазғалдақтары жайқалып өсіп, алқаптың сұлулығын үстей түседі. Ақтау қаласынан автокөлікпен тауға дейінгі жол шамамен 2 сағат уақыт (176 км) алады.
____________________________________________________________
#маңғыстау #мангистау #мангыстау #шетпе #саяхат #саяқат #туризм #тур #табиғат #природа #ақтау #актау #aqtau #aktau #2024shorts #2024aktau #2024aqtau
1 view
1016
352
2 months ago 00:00:36 1
▶️ Маңғыстау | Айрақты тауы жайында қысқаша ақпарат #айрақта #airaqry #shorts #шортс #cover
11 months ago 00:00:41 1
▶️ ҚҰМ ҚОЯНДАР жайында қысқаша ақпарат #shorts #kaiyrgali_ordabek #qaqpankz #шортс #аңшылық
12 months ago 00:30:14 1
▶️ Маңғыстау | Қияқты аңшылық угодьясында, қоянға аңшылық маусым ашылды 2023
1 year ago 00:00:26 1
▶️ Маңғыстау облысы, Тамшалы, үйрекке аңшылық 22/10/2023 #shorts #шортс
1 year ago 00:15:22 1
▶️ Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы | Каспий теңізінде, үйрекке аңшылық 2023 - 2024 ...