Тарбағатай таулары әннің авторы Болат Әшірбаймен сұхбат.

#тарбағатайтаулары @erlankabatai -тіркелеміз жақсы жандар. Әшірбаев Болат Жақыпбекұлы (1964 ж.) – Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, композитор, әнші, республикалық жас композиторлар байқауының лауреаты, ШҚО Композиторлар одағының және Қазақстан Авторлар одағының мүшесі. 1964 жылы 17 қаңтарда Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Ақжар ауылының музыка мектебінде оқып, Өскемен (Шығыс Қазақстан облысы) педагогикалық институтының музыка факультетін (1982-1989) бітіріп, «Музыка мұғалімі, тәрбиеші әдіскер» мамандығын алған. Бірінші курстан кейін әскер қатарына шақырылады. ЖОО-да оқуға қайта оралып, «Көктем» фольклорлық ансамблін басқарады. Содан кейін Өскеменде қаласында өзі сабақ берген Жамбыл атындағы мектеп-интернат базасында «Достық» ВАА құрған. Бүкіл Қазақстанды аралап, Ленин атындағы лицей-интернат жанындағы Өнер мектебінің директоры болады. 1993–2000 жылдары №3 қазақ орта мектебі жанындағы Өнер мектебінің директоры. 2000–2003 жылдары Новоявленка ауылының орта мектебінде тәрбие жұмысы бойынша меңгеруші болып жұмыс істеген. Бірнеше ән жинағының авторы, Алматыда өткен «Үкілі үміт» Республикалық жас композиторлар байқауының дипломанты.
Back to Top