АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолдау көрсеткен «Challenge Другой

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолдау көрсеткен «Challenge Другой ты!» спорттық шарасы аясында Қазақстанның 4 қаласымен ауқымды «Спорттық телекөпір» өткізілді. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған мыңдаған елордалық тұрғындар иық тіресе жаттығу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мемлекет басшысы біз үшін үлгі. Нұрсұлтан Әбішұлы аталған акция аясында барлық қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырды. Елбасы өзінің Жолдауы аясында ең маңызды тапсырманы - 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызы дене шынықтыру және спортпен айналысуы керектігін атап өткен болатын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша деен шынықтырумен айналысатын адамдардың саны 5 миллионнан асты. Біз осымен тоқталып қалмауымыз керек. Мен сіздердің барлықтарыңызды спортпен айналысуға шақырамын. Дене шынықтыру - сіздің өміріңіздің бір бөлшегіне айналуы керек», - деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы. Көп кешікпей жүздеген азаматтың бірлесе жаттығуы баста
Back to Top