Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 18-де түнгі сағат 00:46-да Ақкөл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 387 шақырымында, яғни Красный Горняк ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түсті.
Back to Top