Құпияға толы Жібек жолы - Азаттық Радиосы _ Радио Азаттык

Жібек жолының бойында салынған Таш-Рабат керуен сарайы мен Бурана мұнарасы қазір қандай күйде? Жібек жолы ғасырлар бойы мәдениеттер мен діндерді бір арнаға тоғыстырып келді. Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшілері Орталық Азиядағы бұл сауда жолдарында нақты не болғанын анықтау үшін археологтармен бірге жолға шықты. Жібер жолы - адамзаттың жаһандануға жасаған алғашқы қадамдарының бірі. Бұл сауда жолы біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырдан бастап-ақ Қытай мен Еуропаның арасын жалғады. Мың жылдан астам уақыт бойы жер-жаһанның түрлі мәдениеті мен діні Жібек жолында тоғысты. Археологтар ұзыннан-ұзақ созылып жатқан Жібек жолынан тапқан аз ақпаратты там-тұмдап зерттеп жатыр. Таш-Рабат сарайы Тянь-Шань тауында, 3200 метр биікте орын тепкен. Алып керуен сарайдың 30 бөлмесі және биіктігі бес метр болатын залы бар. БҰҰ-ның мәдени ұйымы – ЮНЕСКО Жібек жолындағы негізгі жәдігерлерді сақтап қалуға тырысып жатыр. Чанган-Тянь-Шань дәлізінің 5 мың километрі ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы тізіміне енген. Мәселен, Бурана мұнарасы
Back to Top