Алтынемелдің Ақтауы мен Қатутауына сапарлап қайтыңыз.

Алтынемелдің Ақтауы мен Қатутауына сапарлап қайтыңыз. Жер жаннаты Жетісудың көпшілік біле бермейтін құпияға толы мекені - Ақтау тауының бірегей табиғаты. Ерекше каньонды алқап, Алтынемел ұлттық саябағында орналасқан. Басши ауылында табиғаттың керемет туындылары- Ақтау, Қатутау, Айғайқұм бағыттарына жол ашылады. Ақтау, Қатутау, 700 жылдық ағашты көруге - 1 күн, ал Айғайқұмға тағы 1 күн кетеді. Сондықтан кешкілік Басшидегі қонақ үйлердің біріне қонып, таңертең екінші бағытты бетке алуыңызға болады. Ақтау тауы деп аталуы алыстан ағарып көрінгендіктен болар. Ал таудың өзі алуан түстерге бай. Тау түсінің барынша қою кезі наурыз айының соңы.
Back to Top