Коронавирустың жаңа түрі: адамның іші өтіп, асқазан-ішек жолдары ауырады

Коронавирустың жаңа формасы пайда болды. Оның айрықша белгісі адамның іші өтіп, асқазан ішек жолдары ауырады. Бұл туралы Қытай ғалымдары мәлімдеуде. Айта кету керек, инфекция әзірге шошқалардан бой көрсеткен, бірақ адамға да жұғу қаупі жоғары. Айтпақшы бұл ақпарды АҚШ-тың Солтүстік Каролина университетіндегі мамандар да қуаттап отыр. Ковидтің аталған түрі алғаш рет 2016 жылы жарқанаттан шошқаға жұққан екен. Ескеретін жайт, ол өзге де ұсақ жануарлар мен жәндіктерге таралуы мүмкін. Дегенмен бұл анау айтарлықтай сенсация емес. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top