Сайлау, мәжіліс, үкімет деп жанығып жүргенде, коронавирус індеті белең алып барады. Өткен тәуліктерде жұқтыру жайттары мыңға жақындаған. Ал қауіптіліктің сары аймағында отырған елордамыз бірден қызыл аймаққа енді. Бұл дегеніміз сақтық шаралары ғана емес, шектеу шараларының да күшейеді деген сөз. Атап айтқанда қоғамдық көлік қатынасы, ірі сауда орталықтары мен дүкендердің, т.б халық көп жиналатын нысандардың жұмыс тәртібі өзгереді.
Пандемия қазір әлемде асқынып тұр. Жаһанда жұқтырғандар саны 100 млнға жақындап, көз жұмғандар 2 млн адамнан асты. Бұл аз десеңіз, медициналық ортада жиі айтылып жүрген британдық штаммның қанат жая бастағаны және бар. Әуелде Ұлыбританияда қылаң берген, бұрын біз көрмеген естімеген Коронавирустың жаңа түрі Қарт құрлықтың шеңберінен шығып, көрші Ресейге де жеткен. Бізге келе ме, қалай сақтану керек? Жалпы аптадағы ковид ахуал қаншалықты алаңдатарлық.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан