Жаңа жылдан бастап бензин қымбаттайды

Жаңа жылдан бастап бензин 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Үкіметтің бүгінгі отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай деп ашық айтты. Жанармай бағасының көтерілуіне екі себеп бар екен. Біріншіден, алдағы жылдан бастап әлеуметтік саланың шығындары көбейеді. Мәселен, мұғалімдердің жалақысы өседі. Екіншіден, шағын бизнестің салықтан босатылуынан бюджетке түсетін кіріс азаяды. Соның орнын толтыру үшін Үкімет мұнай өнімдерінің акцизін көтеріп жатқан көрінеді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top