Атырау облысында шөп өртеніп, 3 бала көз жұмды

2021 жылдың 5 қазанында сағат 19-27 де кезекші пультіне Махамбет ауданы Ортақшыл ауылы Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19 сағат 45 минутта жетіп, өрт 23 сағат 07 минутта толығымен сөндірілген. Алайда, 6 қазан күні 00 сағат 02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында 3 кәмелет жасына толмаған балалардың белгісіз жағдайда жоғалғандығы туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 бірлік техникасы, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды.
Back to Top