Коронавирус: Атырау облысында 59 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, инфекциялық стационарларда 947 науқас емделу үшін оқшауланған. Өңірдегі 2 632 орындық инфекциялық стационарлардағы жүктеме – 35,9%. Ал 113 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 59 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 8 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Мұндағы жүктеме 52,2%-ды құрады.
Back to Top