Оразада жарапазан айту-халқымыздың ертеден келе жатқан салты.Ол туралы ұлтымыздың ұлысы Ахмет Байтұрсынов жазып кеткен.Кеңестік саясат шектеу қойған осыбір әдемі салт,ауыз әдебиетінің тамаша түрі еліміздің әр жерлерінде көріне бастады.Оразада жарапазан айтып,елге,үй иесіне мадақтау айту,көңілдерін көтеріп әзіл айту дәстүрін қалыпқа келтіруді Қарасу ауылы имамы Әнуар қажы қолға алды.Ұлт ұстазы жазуы негізінде қолға алынған бұл шарада ислам дінін насихаттау,діни өлеңдер айту,елді,халықты бірлікке,сыйластыққа шақыру,туысқандық,жанашырлықты жақсарту,нашарға көмектесу т.б. шаралар қарастырылған.Ораза тұтқан жас өркен жарапазан айтып,сексеннен асқан Таутан ақсақал ақ батасын берді.Жастарға тиісті сыйлықтар табысталып,ел ризашылығын білдірді.Сыртта жүрген ауыл жастары жаңа мешіт салуды қолға алған ауылда ақсақал,ауыл әкімінен бастап жетпіске жуық кісі ауыз бекітті.Айлардың сұлтаны ораза айында ұлттық салт-дәстүріміз негізінде халықпен жұмыс жандана бермек.
28 views
2901
997
6 months ago 00:18:37 1
ТАҢҒЫ ШӘЙІМ СІЗГЕ ЖАУАП ҚЫЗЫЛ ОРДАЛЫҚ НАЗИРАҒА ЖАУАПЫМ БІР АУЫЗ СӨЗ КЕҢЕСІМ