Əс саламу алейкүм уа рахматуллахи уа баракятух, оразаларыңыз қалай өтуде?!
Əне-міне дегенше қасиетті Рамазан айы да аяқталуына аз қалды. Біз де осы сауаптар еселеніп, жер беті нұрланып, садақа-амалдар қабыл болатын айдың əр күнін бос өткізіп алмауға тырысып қаламыз.
Кеше Жүректен Жүрекке қоғамдық қорының жəне Ғалымбек @galymbekizbanov бауырымыздың ұйымдастыруымен Африкадағы ораза ұстап жатқан мұсылман бауырларға ауызашар берілді. Ауызашар (ифтар) берудің сауабы туралы мынадай керемет хадис ойға оралып отыр: “Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) : «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дегенде, сахабалардың кейбірлері бір адамға да ауызашар беретін мүмкіндіктері жоқтығын айтты. Оларға жауап ретінде: «Бір құрмамен ауызашар берген адамға да, тек сумен ғана ауыз аштырған адамға да, аздаған сүт берген адамға да бұл сауап жазылады “