Тәжікстанға 100 ӨЖЖ аппараты жіберіле ме? – Министрліктің жауабы

#КТКжаңалықтары «Қазақстан Тәжікстанға 100 өкпені жасанды желдету аппаратын береді» деген ақпарға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі бүгін мәлімедеме жасап, түсіндіруге тырысты. Аппаратқа өзіміз жарымай отырғанда көрші елге жасалғалы жатқан көмек көпшіліктің ашуын туғызған. Үкімет аталмыш гуманитарлық көмекті жыл соңына қарай жіберетін болып ұйғарған екен. Оған дейін ішкі сұраныс барынша қамтылатынына шенеуніктер сенімді. Ал Түркістан облысындағы көшеде тізіліп тұрған дәрігерлердің флешмобына қатысты ешкім жазаланбайтын болыпты. Өйткені Денсаулық сақтау министрлігінің өзі оны өткізуге о бастан қарсылық білдірмеген. #Қазақстан #Тәжікстан #көмек #коронавирус
Back to Top