Толық адам ілімі/ Зиялы адам/ академик Мекемтас Мырзахметов

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық. Ал, енді, олай болса, кімді алалық? Қазақта қай жақсы бар көз саларлық? Шын іздесек, табармыз шыны ғалым, Күнде күйлей бермелік бозбалалық. Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық! Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық! Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр, баралық! ✍️ Шәкәрәм қажы
Back to Top