ҚР-ның бұрынғы ішкі істер Министрі, «Даңқ» және «Құрмет» ордендерінің иегері, «Халық қаһарманы» Қайырбек Сүлейменов «Тәлімгерлер кеңесінің» жұмысы аясында Жетісу ауданының полиция Басқармасында болып, жас әріптестерімен жиналыс өткізді.
Осыған дейін, осы полиция бөлімшесін басқарған мәртебелі мейман, қылмыс деңгейін, жеке құрамның сапасын салыстырып, қазіргі полицейлердің қызметіне объективті баға берді.
«Бүгінгі сіздің алдыңызда тұрған міндеттер, бүгін шешуге тиіс мәселелер әлдеқайда күрделі. Мен мұны тікелей айтып отырмын және Қазақстан Ішкі істер Министрлігінің барша жеке құрамының алдында ең қиын жағдайларға қарамастан жүргізіп жатқан жұмыстары үшін бас иемін. Сіз өміріңізді қатерге тігіп, қоғам мен азаматтарды қорғау мәселесін шешесіз», - деді, Қайырбек Сүлейменов.
Алматы полициясы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі Ержан Сәденовтың бастамасымен ІІО-ның генералдары жас полицейлердің тәлімгері болғанын еске салды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында қаланың ПД-дағы алғашқы кездесу өтті. Молдияр Оразалиев Алматы тәлімгерлер Кеңесінің төрағасы болды. Оның орынбасары – Жан Кенжетаев. Кеңестің шешімімен ҚР ІІМ еңбек сіңірген қайраткері тағы 11 ардагер Алматы полициясының барлық қызметтері мен бөлімшелерінің кураторы болып тағайындалды.
«Құрметті ардагерлер! Сіздер қазақ полициясының құрылуының бастауында тұрып, оның дамуына зор үлес қостыңыз. Сіздің кәсіби біліктілігіңіз, іске адалдығыңыз, даналығыңыз, бай өмірлік тәжірибеңіз – жаңа форматтағы тәртіп сақшыларын патриоттық тәрбиелеудегі басты критерии», – деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров.
——————————————————————————-
Каирбек Сулейменов встретился с молодыми коллегами
Бывший министр внутренних дел РК кавалер орденов «Даңқ» и «Құрмет», «Халық қаһарманы» Каирбек Сулейменов в рамках работы «Совета наставников» посетил Управление полиции Жетысуского района и провел с молодыми коллегами лидерскую встречу.
Почетный гость, ранее возглавлявший это подразделение полиции, именуемого в те годы Ленинским УВД, сравнил уровень преступности, качество кадрового состава и дал объективную оценку деятельности современной полиции.
«Те задачи, которые стоят перед Вами сегодня, те проблемы, которые Вам приходится сегодня решать - они гораздо сложнее. Я это прямо говорю, и приклоняюсь перед всем личным составом Министерства внутренних дел Казахстана в Вашем лице за ту титаническую работу, несмотря на сложнейшие условия, которую Вы проводите. Вы подставляете свою грудь под пули, Вы решаете проблемы защиты общества и граждан ценой своей жизни», - отметил в своем выступлении Каирбек Сулейменов.
В полиции Алматы напомнили, что по инициативе Министра внутренних дел Республики Казахстан Ержана Саденова, генералы ОВД стали наставниками молодых сотрудников полиции.
Первое заседание в ДП мегаполиса состоялось в феврале текущего года. Председателем Совета наставников Алматы стал Молдияр Оразалиев. Его заместителем - Джан Кенжетаев. Еще 11 ветеранов, заслуженных работников МВД РК решением Совета закреплены кураторами всех служб и подразделений алматинской полиции.
«Уважаемые ветераны! Вы стояли у истоков создания казахстанской полиции, внеси весомый вклад в ее развитие. Ваш профессионализм, самоотверженность, мудрость, богатый жизненный опыт – ключевые критерии в патриотическом воспитании стражей порядка нового формата», - резюмировал начальник Департамента полиции города Алматы генерал-майор полиции Арыстангани Заппаров.