Орман өрті өшер емес

Абай облысындағы алапат өрттің беті қайтар емес. Кешеден бері қатты желдің салдарынан қызыл жалын күш алып, өшіруге мұрсат бермей жатыр. Әсіресе, Батпаев орман шаруашылығы қатты зардап шекті. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмысы 3 бағытта жалғасуда. Тілсіз жауды сөндіруге мың жарымға жуық адам, үш жүзден астам техника жұмылдырылды. Әуеден 14 тікұшақ су шашып, жалынның бетін қайтаруға тырысып жатыр. Жалпы өрт басталғалы тікұшақтар 621 рет көкке көтеріліп, 2 мың тоннаға жуық су шашқан. Орман өртіне байланысты Шүлбі-Жаңа-Шүлбі тас жолы жабылды. Қалың түтін салдарынан Семейге жақын орналасқан Бұлақ ауылының 80 тұрғыны эвакуацияланды. Кеше ғана үйлеріне оралған
Back to Top