ЖАСТАРДЫҢ КҮШІМЕН ҮШ ҮЙГЕ ГАЗ КІРГІЗІЛДІ Ақтөбелік жасотандықтар көмекке мұқтаж 3 отбасына газ кіргізіп берді. Олар Ембі қаласы

ЖАСТАРДЫҢ КҮШІМЕН ҮШ ҮЙГЕ ГАЗ КІРГІЗІЛДІ Ақтөбелік жасотандықтар көмекке мұқтаж 3 отбасына газ кіргізіп берді. Олар Ембі қаласында «Жайдарман» ойынын өткізіп, одан түскен қаражатты осы игі іске жұмсаған. Ембі қаласы тұрғындары газ пайдаланып отыр. Бірақ жалғызбасты аналар үшін ауласына дейін тартылған газ құбырын үйіне кіргізу қиын. Жасотандықтар бұл жолы жалғызбасты, көпбалалы ана - Сән Махамбетова, Айым Әлқуатова, Динара Балғазинаның отбасына жылу сыйлады. -Балаларымның 4 –і мектеп жасында, екеуі балабақшада. Әке-шешем қалдырған үйге бір мезетте қомақты ақша жұмсап, газ кіргізе алмадық. Қыста 15 мың теңгеге пәтер жалдап тұрамыз. Ал жазда өз үйімізге қайта ораламыз. Жастар қолдау көрсетіп, қысы-жазы өз үйімізде тұруға мүмкіндік берді. Балаларым да, өзім де қуаныштымын, - деді «Күміс алқа» иегері Динара Балғазина. Айта кету керек, 2019-2020 жылдары 7 мыңнан астам тұрғыны бар 13 ауылдық елді-мекен газдандырылады.
Back to Top