Бүгін халық несиесін кешіруге қатысты кезекті ұсыныс туралы айтамыз. Қажет уақытта айтылған бастама болып көрінуі мүмкін, алайда осы сынды тұрақты түрде жасалатын рақымшылықтың әсері қысқа мерзімді, ал ұзап кетсе өте көп кемшіліктері шығады. Бүгінгі шығарылымда несие рақымшылығының оң және теріс жақтары туралы сөз қозғайтын боламыз.