Полицейлер балабақшаға «Стёпа ағайды» шақырды / «Дядю Стёпу» пригласили в детский сад полицейские
Жол қауіпсіздігі жайлы пайдалы ақпаратты бүлдіршіндерге айту үшін Петропавлдағы «Алтын бесік» балабақшасына ерекше қонақтар келді. «Алтын бесік» балабақшасында ойын түріндегі танымдық сабақ өткізілді. Қонақтар балаларға жол жүрісі қағидаларын айтып берді. Әрі кездесуге балалардың арасында кең танымал қуыршақтар театрының кәсіби актерінің орындауындағы «милиционер Степа ағай» да келді. Оның келуіне Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақтар театрының директоры Сергей Орлов демеу көрсетті. Осындай креативті іс-шаралар болған кезде полицейлерге үнемі қолдау білдіріп отырады. Стёпа ағай бағдаршамның түстері мен жол қозғалысын реттеушінің белгілерін тақпақ пен ойын түрінде әсерлі жеткізді, жол үстінде және жолға жақын жерлерде ойнауға болмайтынын айтты. Мұның барлығы есте қалу үшін балалардың өздері жол сақшысының ала таяғын қолдарына алып, қимылын қайталап көрді. Бүлдіршіндер нағыз полиция машинасына отырып көруге де мүмкіндік алды. Дауыс зорайтқышты басып, сиренаны тыңдаған балалар ерекше әсер алғанын жасырмады.
___________________________________
Необычные гости навестили воспитанников детского сада «Алтын бесик» в Петропавловске. О правилах дорожного движения ребятам рассказали сотрудники полиции и популярный у детворы постовой дядя Стёпа-милиционер в исполнении профессионального актёра. Его участие обеспечил директор Северо-Казахстанского областного театра кукол Сергей Орлов, который нередко поддерживает полицейских в креативных мероприятиях. В доступной стихотворной форме дядя Стёпа напомнил ребятам о сигналах светофора, о том, что нельзя играть рядом с проезжей частью и на подъездных дорожках во дворах. Сотрудники полиции показали основные сигналы регулировщика. Чтобы они лучше запомнились, побыть регулировщиками предложили самим детям. Затем, к общей радости воспитанников, им позволили посидеть в настоящей патрульной машине, собственноручно проверить работу громкоговорящего устройства и сигнала сирены.
1 view
113
32
2 years ago 00:01:06 1
Полицейлер балабақшаға «Стёпа ағайды» шақырды / «Дядю Стёпу» пригласили в детский сад полицейские