Борышкерлер сақылдаған сары аязда жылусыз қалуы мүмкін

Маңғыстау облысында көгілдір отынға қарызы бар борышкерлермен күрес басталды. Тұрғындардың табиғи газға берешегі 127 миллион теңгеге жеткен. Бір қызығы, қара тізімге ілінгендердің басым бөлігі бақуатты отбасылар. Олар жылдап жиналған қарыздарын өтеуге асығар емес. Бірнеше рет жасалған ескертуден кейін газ беру мекемесінің қызметкерлері қарызға белшеден батқандарды жылудан ажыратуға көшті. Арнайы рейд Жаңаөзен қаласынан басталды. Жаңаөзен қаласындағы мына үйдің иесі табиғи газ ақысын 2 жыл бойы төлемеген
Back to Top