ЖАТАҚХАНА ОҚУШЫЛАРЫМЕН ҚОШТАСУ (2016)

9-шы мамыр күні мектеп жанындағы жатақхананың бір топ оқушылары үшін ерекше күн болды. Үш жыл бойы мектеп жатақханасында тәлім алып, тәрбиешілерге бауыр басқан 12-ші сыныптың 37 түлегі үшін қош бол айтар сәт жақындады. Алыстан арман қуып, шалғайдан шөлдеп келген бар баланы өз қанатына алған мектеп жатақханасы - бір үлкен отбасы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет қылуды үйреткен шаттық мекені өз шәкірттері үшін тамаша кеш ұйымдастырып ақ дастархан жайды.
Back to Top