Қайрат Баекенов және “Формат“ тобы - Телефон

Телефон Білім алып жүрген ару шетелдегі Қылығың бал ма,әлде шекермеді? Зуылдаған ұшақпен жаныңа ай шіркін-ай жетермеді Қайтейін қасыңа бір-ақ бара алмаймын Бәрібір тіл білмеймін таба алмаймын Сағынышқа ән мен әзіл қосып айтеуір мен амалдаймын Қ/сы: Телефоның кейде-кейде Байланыстан тыс бір жерде Жаным жыл құсындай сенде Оралсаңшы туған елге Арман қуып басқа елге сапар шектім Аңсаймын алаңдаймын алыс кеттің Ұмытсаң ана тілін аяулым Ата-анама не демекпін? Әзіл бар сағыныш бар,бәріде бойда Күтіп жүр дайындалып елім тойға Әр нәрсені сылтау етіп сәулем Шет елде,тек қалып қойма,қалып қойма
Back to Top