Жастар ардагерлердің өсиеттерін тыңдады

Жүректе сақталған сол жылдар! Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада осындай атаумен жиын өтті. Танымдық шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен облыстың 85 жылдығына орай ұйымдастырылды. Отырыста соғыс және еңбек ардагерлері мен өңірдің құрметті азаматтары сөз сөйледі. Аға буын жастарға бастарынан өткен оқиғаларды баян етіп, ақыл-кеңестерін берді.
Back to Top