Халық қаһарманы жасы 63-ке келсе де жігіттермен жекпе-жекте жеңіске жететініне сенімді

Бүгін Талғат Мұсабаев өзі “бұзақы“ деп атаған “Антигептил“ қозғалысы белсенділермен жұдырықтасуға әзірмін деп мәлімдеді. Кеңес одағының спорт шебері, әрі Қазақстан мен Ресейдің халық қаһарманы жасы 63-ке келсе де жігіттермен жекпе-жекте жеңіске жететініне сенімді. “Антигептил“ белсенділері Мұсабаевтың терезесінің түбінде “Протонды“ ұшыруға тыйым салуды сұрап, екі апта бойы күн сайын наразылық көрсеткен еді. Табиғат жанашырларының бірі ешқашан төбе көрсетпеген ғарышкерді жекпе-жекке де шақырған болатын...
Back to Top