Австрия -- еліміздің негізгі сауда әріптестерінің бірі. 1995 жылдан бері Австриядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестицияның мөлшері - 2,5 млрд АҚШ доллар.
Қазақстан мен Австрия елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнады. Жиырма жылдың ішінде екі елдің арасындағы саяси, сауда-экономикалық әріптестікнығайды. 2011 жылы Қазақстан мен Австрияның өзара сауда айналымы 4 млрд АҚШ долларын құраса, биыл бұл көрсеткіш 32%-ға артқан.